Карантиндік шектеу кімдерге қойылмайтыны түсіндірілді
2020 ж. 19 наурыз
1928
0
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кім кіре алатындығын ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі түсіндірді.
19 наурыз сағат 00.00-ден бастап енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағында адамдардың кіріп-шығуына қатысты шектеу адамдардың жекелеген санаттары үшін ерекшеліктерді қарастырады.
Олар мыналарды қамтиды:
- бұның алдында қаладан кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған кезде;
- қалаға бұрын келген басқа қалалардың тұрғындары қаладан шыққан кезде;
- бұның алдында шетелге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (Қазақстан Республикасына оралғанда);
- осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер елден кету үшін және одан әрі әуе кемесімен қайту мақсатында;
- шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар), Қазақстан Республикасының аумағында тұруға рұқсатнама иелері;
- осыған дейін шет мемлекеттің аумағына кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін;
- шетелге емделуге кеткін ҚР азаматтары денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда;
- елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға іс-сапармен келген шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдардың мүшелері;
- поездар мен локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалдау процесстеріне қатысатын адамдар, әуе кемелері, кеме экипаждары, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүк көлігі жүргізушілері;
- ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (отбасылық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы, олардың ата-аналары және балалары);
- Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының маңында тұратын әрі қалада жұмыс істейтін тұрғындар;
- әуе және теміржол транзитімен жүрген ҚР азаматтары;
- Covid-19-ға қарсы іс-қимыл жөнінде қалалық штаб жеке қарастыратын басқа ерекше жағдайлар;
19 наурыздан бастап, Нұр Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирустың таралуына байланысты карантин жарияланады. Атқарылатын негізгі іс-шаралардың бірі – адамдардың қозғалысын шектеу.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустың 35 жағдайы тіркелгендігі расталды, оның 15-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда.