Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», - деді Диас Ахметшәріп баспасөз жиынында.