Сот төрағасы коронавирус жұқтырды ма?

Ол коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарап жатыр.

 
Қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың хабарлауынша, Тілектес Бәрпібаев ақпан айының соңында еңбек демалысына шыққан. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германиядағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін қызметкердің әкесі коронавирус жұқтырғанын растады, деп жазды azattyq-ruhy.kz. «Елшілік қызметкерінің ата-анасы демалыста ұлына қыдырып келген. Олар өз жұмыстарымен Еуропада болған. Кейін  қызметкердің әкесінен ауру белгілері байқалып, вирус жұқтырғаны анықталған. Дипломаттың әкесі Германиядағы ауруханалардың бірінде жатыр. Ал қызметкер мен оның жұбайы карантинге жабылды. Отандасымыздың аты-жөнін айта алмаймын», - деді Айбек Смадияров. Айта кетейік, бұдан бұрын желіде «Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев Германияда елшілікте жұмыс істейтін ұлына барғанда қауіпті індет жұқтырды» деген ақпарат тараған болатын. Тілектес Бәрпібаев 1960 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Түрлі жылдары Алматы қалалық, облыстық сотының төрағасы болған. 2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып қызмет атқарады.