Азат Перуашев «Ақ жол» депутаттарын Мәжілістің Салық кодексі бойынша жұмыс тобына енгізуді талап етті
2020 ж. 11 наурыз
1391
0
Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының депутаттарын Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің Салық кодексі бойынша жұмыс тобына енгізуді талап етті.
Кеше салық салу және инвестициялық климат туралы заң жобасын таныстыру кезінде ол «Ақ жол» фракциясының мүшелері Екатерина Никитинская мен Дания Еспаеваны осы заң жобасының жұмыс тобына қосу туралы өтінішпен Мәжілістің тиісті комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсоваға жүгінді.
Бұған дейін комитет басшылығы депутаттардың өздері бірнеше рет өтініш білдіргеніне қарамастан, оларды жұмыс тобына енгізуден бас тартқан болатын.
Г.Қарағұсова өз кезегінде А. Перуашевтің қоғамдық сұранысына байланысты өз ұстанымын түсіндіре отырып, Қаржы және бюджет комитеті өз өкілін осы топқа енгізгеніне («Нұр Отан» фракциясынан депутат С.Симоновты) және басқа депутаттар топ мүшесі болмай-ақ заң жобасын талқылауға қатыса алатындығына тоқталды.
Алайда, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі мұндай түсініктемелермен келіспейтінін жеткізді. Өйткені, жұмыс тобына кірмейтін депутаттар топта талқыланған түзетулер бойынша дауыс беруге құқылы емес. Сонымен қатар, заңнама мен Мәжіліс Регламенті жұмыс тобының санын шектемейді және фракцияларға өз депутаттарын жіберуге тыйым салмайды.
Кішігірім талқылау нәтижесінде профилдік комитеттің жетекшісі Г.Карағұсова «Ақ жол» фракциясының депутаттары Е.Никитинская мен Д.Еспаеваны заң жобасы бойынша жұмыс тобына қосуға келісіп, сондай-ақ, өз комитеті бойынша «Нұр Отан» партиясынан тағы екі депутатты қосуды тапсырды.
Сонымен бірге, А.Перуашев әріптестері мен мемлекеттік органдардың өкілдерін ағымдағы жылдың 4 наурызында «Ақ жол» фракциясының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2017 жылғы 29 маусымдағы «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Нормативтік қаулының ережелерін көптеген адал кәсіпорындарға әсер еткен мәмілелерді жарамсыз ету тәртібі туралы ережелерін өзгерткені туралы хабардар етті. Бұл шешім жалған кәсіпкерлерді анықтауды және салық органдарының талаптарын ресми негізде емес, мәмілелердің мәні бойынша қарауды білдіреді. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының жетекшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығына жалған мәмілелерді анықтау мен олардан адал кәсіпкерлік операцияларын бөлудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді жеделдетіп, оларды тікелей іс-әрекет нормалары ретінде Салық кодексіне енгізуге шақырды.
«Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өз жұмысын жалғастыруда.