Студенттер оқуын онлайн режімде жалғастыруда
2020 ж. 09 наурыз
1181
0
Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің алдын алу мақсатында Қытайда оқитын Қазақстан студенттерінің көбі оқуын онлайн режімде жалғастырып жатыр.
«Қытайдағы қазақстандық студенттердің басым көбі ол елден кетіп қалған. Студенттердің өткен айда демалыс күндері созылған еді. Қытайдағы біраз университетте оқу басталып кеткенімен, бірқатарында оқу онлайн-режімге ауыстырылды. Көбінесе біздің студенттер онлайн-режімде оқуын Қазақстанда жалғастырып жатыр. Барлық оқу орындарында онлайн оқу жолға қойылды деп айта алмаймын. Себебі Қытайдағы Жоғарғы оқу орындарының бәрінде ондай техникалық мүмкіндік жоқ», - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров. Әйтсе де осындай онлайн оқытуға техникалық мүмкіндігі жоқ университеттерде оқитын жастардың жағдайы не болмақ? Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуына қарағанда ондай жағдайда қазақстандық студенттер тікелей университтерге шығып, мәселелерін шешуі тиіс. «Егер «Болашақ» бағдарламасы бойынша барған студенттер болса ондай жағдайда келіссөз жүргіземіз. Ал жеке өзі түскен студенттердің мәселесіне араласа алмаймыз. Олардың өздері шешім қабылдап, тікелей университетпен сөйлесуі керек», - деді ол. Айбек Смадияров Қытайдан коронавирус инфекциясы тараған Ухань қаласынан кетуден бас тартқан бірқатар қазақстандық студент барын да айтып өтті. Еске сала кетсек 2020 жылдың 2 ақпанында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізген еді. Арада екі апта өткеннен кейін Уханьнан эвакуацияланған студенттер елордадағы Көпсалалы медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөлімінен шығарылды. Олардың ешбірінде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.
qazaquni.