Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Мәжіліс депутаты: ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ 15 ЖЫЛДАН БЕРІ ОРЫНДАЛМАЙ КЕЛЕДІ...

                Биік мінберден бір беделді билік өкілі тіл туралы сөз қозғай қалса, қолы кісендеулі, аяғы тұсаулы, өзі мықтап орыс тіліне қосақталып шынжырланған мемлекеттік тіл – ана тілі сол күні-ақ шынжырдан босап, жайраң қағып шыға келетіндей, бір үмітпен теледидарға телміре қаламыз. Біз телміргелі 20 жыл болды... Ал «Тіл туралы» заңның орындалмай келе жатқанына 15 жыл болыпты... Бұл туралы Мәжіліс депутаты айтты...                   Биік мінберден бір беделді билік өкілі тіл туралы сөз қозғай қалса, қолы кісендеулі, аяғы тұсаулы, өзі мықтап орыс тіліне қосақталып шынжырланған мемлекеттік тіл – ана тілі сол күні-ақ шынжырдан босап, жайраң қағып шыға келетіндей, бір үмітпен теледидарға телміре қаламыз. Біз телміргелі 20 жыл болды... Ал «Тіл туралы» заңның орындалмай келе жатқанына 15 жыл болыпты... Бұл туралы Мәжіліс депутаты айтты... «Қазақстан Республикасы Конституциясының 66 бабында: «Үкімет заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді» деп Үкіметті міндеттеген. Ал іс жүзінде Үкімет өзі бастамашылық етіп енгізген заңдарды да толық орындамай келеді. Атап айтқанда, Тіл туралы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілгеніне 15 жыл болды. Сонша жыл өтсе де заңның 23 бабындағы «мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптер, мамандықтар және лауазымдардың тізбесі заңдармен белгіленеді» деген норма әлі күнге дейін орындалмай келеді. Осы тізбе бекітілгеннен кейін ертесінде мамандық лауазым иелері мемлекеттік тілде сөйлеп кетеді деудің өзі дұрыс емес. Себебі, тізбе белгіленгеннен кейін мемлекеттік тілді білу деңгейі, яғни, кім толық білуі керек, кім іскерлік деңгейде білуі керек, осы айқындалуы қажет. Содан кейін оларға дайындалуға тиісті мерізім беріледі. Айталық, 2017 немесе 2020 жылдардан бастап бұл талап қолданылады десе, ешкім ренжімейді. Керісінше, мемлекетік тілді білуге деген қажеттілік туындайды. Осы заңның 21 бабында: «Көрнекі ақпараттық барлық мәтін мемлекеттік тілде сол немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң немесе төменгі жағына орналасады. Бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттілігіне қарай көрнекті ақпараттық мәтіндерқосымша басқа тілдерге аударылуы мүмкін» деген нормада орындалмай келеді. Басқа жерді айтпағанда, Астананың өзінде көрнекі ақпарат ағылшын тілінде бір мертлік әріптермен, ал қазақ тілінде 15-20 см әріптермен жазылған. Мұны тәртіпке келтіру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді. Тек қана мемлекеттік өкілетті органның қолы жетіспейді, ал жергілікті атқарушы органдардың құзіреті жетпейді». Розақұл Халмұрадов әркез маужыраған Мәжілісті селт еткізіп сілкіп отыратын санаулы депутаттардың бірі. Заң шығару жұмыстарына белсене араласып, мемлекет мүддесіне қайшы келетін мәселелерге әркез білек сыбана кірісіп кетеді. Ол Мәжіліс мінбесінен көтерген мәселелерге көз жүгіртіп қараңыз: Абай Құнанбаевтың Ташкенттегі ашылмай қалған ескерткіші, ҰБТ-дан кейін жылап-сықтаған ата-аналар, қымбаттаған жанар-жағармай, салынбаған мектептер, жөнделмеген балабақшалар, апаттық жағдайдағы газ құбырлары, қажылыққа бара алмаған қандастарымыз, қадірі кеткен қазақ тілі… Осы жолы да қазақ тілінің жыртысын жыртты. Жарайсыз, депутат мырза! Қазақ тілі десе төбе шашы тік тұратын, барынша бұл мәселені айналып өткісі келетін не судағы балықтай құйрығын бұлғаңдатып ұстатпайтын, қажет бола қалса өзге тілдің бәрін біліп алуға дайын, тек қазақ тілін құрметтеуден ат тонын ала қашатын өзге депутаттар қашан әріптесінен үлгі алар екен? Тағы 20 жыл күтпесек болғаны...