ҚР СІМ: Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған
2020 ж. 04 наурыз
1243
0
[caption id="attachment_109252" align="aligncenter" width="700"] Көрнекі сурет[/caption]
ҚР СІМ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмағанын мәлімдеді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген. Біздің дипломаттар кореялық әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтауда» делінген хабарламада.