Ықтиярхат жыры қашан таусылады

0
1406

Кеңес одағы кезінде қазақ баласын емдікке емініп жүріп, әзер табуға болатын Ақмола обылысы Шортанды ауданында қазір оралмандардың тарихи отанына оралуы есебімен, қазақтардың жан саны едәуір көбейіп қалды. Бұнда Қазақи орта қалыптасып, ата салтымызға бет бұру едәуір жанданып келеді. Бұл біздің Прездентіміздің оралмандарды тарихи отанына оралту саясатының жемісінің айқын көрінісі деуге болады. Алайда Шортанды ауданында әлі де Прездентіміздің осы егеменді елдігімізге тиімді саясатына қарама-қарсы келетін кейбір жергілікті “Қаулылар” оралмандардың бұл араға келіп қоныс тебуіне кедергілік жасап отыр. Атап айтқанда Шортанды ауданына қоныстануға ниет білдіріп отырған оралмандардың тіркелуінің өте қиын шаруаға айналып кеткендігі.

Нақтылап айтқанда Оралмандар тарихи отанына оралған соң, ең алдымен олар белгілі бір жерде қоныстанған туыс-туғаны немесе таныс-білісінің үйіне тіркелуі керек. Сонда ғана барып олар құжат алуға, құжаттанған соң барып, кезкелген жерде жұмыс істеуге және куатаға кіруге мүмкіндік алады. Егер олай болмағанда заңсыздық туындайды. Міне осындай заңсыздыққа жол бермеу үшін Шортанды аудан әкімшілігі Оралмандардың тіркелуін жеңілдетіп, олардың ықтиарха­талыуын тездетуін сұраймыз. Мысалы: Өткен жылы қыркүйек айында тұрақты тіркелуге өтініш берген, ҚХР нан көшіп келген оралман азамат Іңкар Керімбекұлының отбасы­ның тұрақты тіркеуге тұру өтініші 2010 жылы ақпан айының соңында ған қанағаттандырылды. Сонда төрт ай бойы ықтиархатының болмаған­ды­­ғынан жұмыссыз жүрген ол, өтініш берген мекеменің табалды­рығын тоздырды. Енді ықтиархатқа өткізейін десе, оны толтыратын кесте жоқ деп, әлі сол шаруаның соңында салпақтап жүргелі бір ай болды. Енді қол қойғанан кейін ықтиархат қашан қолына тиеді? Бұл бір таусылмайтын ертек. Бұл жерге келіп қоныстанған оралман ағайындардың алдыңғы және өткен жылдары көрген әуре сарсаңы да осы. Былтыр екі оралман ықтиархатын он бір ай дегенде әрең қолына алып, онымен жылап көрісті. Мұндай қатаң бақылау түзімі Астана, Алматы сынды үлкен қалаларда да елдің назарын ерекше аударған емес. Сонда Шортанды ауданының дәрежесі еліміздің маңдай алды, орталық қалаларынан да жоғары болғаны ма? Сондықтан біз Елордамыздың іргесінде тұрып, “Ерекше аймаққа” айнала бастаған Шортанды ауданының бұл “Қаулысы” туралы Ақмола обылысы әкім және ішкі істер мекемесі бастығының  түсініктеме беруін талап етеміз.

Қысқасы біздің қоятын талабымыз тіркелу уақтын жеделдетіп, ықтиархат алуды қиындастырмаса деген өтінішке саяды. Бұл жарапазан барлық оралман­дарға ортақ «қасырет» болғандықтан қа­тысты орындардың құлағына алтын сырға.

 

Бекқожа Жылқыбекұлы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз