Өскемендегі дәріханаларда медициналық бетперде жетіспеушілігі байқалған
2020 ж. 03 ақпан
1333
0
Қоймалардан табу мүмкін емес. Дәріханалардың көпшілігінде аталған тауар жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, негізінен медициналық маска өлкеге Қытайдан әкелінеді. Алайда жұқпалы аурудың тарауына орай қазір көрші елдің өзі маскаға зәру. Сондықтан кәсіпкерлер басқа өндірушілермен әріптестік орнатуда. Қазақстанға бұдан былай Ресейден жеткізілмек. Өйткені тұрғындардан бөлек, медициналық ұйымдар да осы сұрақпен жиі хабарласып жатқан көрінеді. Салдарынан бүгінгі күні сұраныс жүздеген мың данаға жетіп отыр. Мамандар «осы аптаның ортасына қарай бір реттік масканың мол түсімі болады», дейді.
Светлана Нестеренко, дәріхана меңгерушісі:
- Медициналық маскалардың жетіспеушілігі байқалады. Дегенмен, тұрғындардан аса алаңдамауды сұраймыз. Келесі аптада бұндай бұйымның мол түсімі жоспарланып отыр. Ресейге тапсырыс берілді. Оның бағасы да аса қымбат болмайды.