Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы қамауға алынды

Биылғы 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық аудандық сотының төрағасына қатысты күзетпен ұстау санкциясын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің судьяның сотқа дейінгі әділ тергеу жүргізуге кедергі жасау мүмкіндігі туралы дәлелдерін қолдаған.

Фемида өкілі борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін азаматтан айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдіктеніп отыр.

Бұл қылмыстың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша анықталғаны айтылады.