Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ мәліметтерінше, жер асты дүмпулері 20 қаңтар күні сағат 02:57-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 442 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық классы -10. Магнитудасы - MPV - 3,8. Тереңдігі -10 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет жоқ (ММК-64 шкаласы бойынша)", - делінген хабарламада. Ғимараттардың қирағаны не жарылғаны туралы ақпарат түспеген.