ПУТИНДІ ЖЫЛАТҚАН ЖЕҢІС ЖАСЫ немесе "орманның оты оятса...”

...Арасы небәрі бір-ақ жыл. Былтыр қазақтың, биыл орыстың Президенттерін сайлау науқандары өтті. Мыңдаған ғасырлар Құдай қосқан қоңсымыз. Қазір дініміз басқа, діліміз жат, тіліміз бөлек. Бірақ, ұқсастығымыз да аз емес: қазақтың Қойшыбайы мен орыстың Иванының ақкөңіл-аңқылдақтығы, адал-сенгіштігі, қарапайым-қайырымдылығы, қонақжайлығы мен қалжыңбастығы да айнымай ұқсайды... Сөз жоқ, кешегі Қойшыбай мен бүгінгі Еркебұланның, кешегі Иван мен бүгінгі Диманың айырмашылығы – жер мен көктей. Кешегі Қойшыбайдың нағыз сарқытын қазір Қатын-Қарағайдың қалың шыршасының арасынан немесе Сырдың сарғалдақ шықпайтын, қарға қонбайтын Бетбақдаласынан ғана аракідік кездестіруің ықтимал; ал, кешегі Иванның нағыз табиғи көшірмесін ит тұмсығы батпайтын Сібір тайгасының адам табаны тимеген топырағынан ілеуде біреу жолықтырып қаларсың... ...Қаладағы тұқымның түп-тұқияны араласып-құраласып, уланып-қуланып бүлінген, бүлдірілген... Метис – дейтін құрамалы-жыламалы, тексіз-бетсіз «ұлт» пайда болған... Дүниежүзін жайлаған отаны жоқ, қотаны жоқ жебірейлер мен сығандардың мыңжылдық сасық саясатының нәтижесі – жер бетінде таза ұлт қалдырмау. Сөйтіп, жерді бөліске қайта салып, басым бөлігін қарпып қалу. Мұхтар ШАХАНОВтың: ««Американдық ұлттың» ізімен біз де «қазақстандық ұлтқа» айналсақ – құрдымға кетеміз!» – деп, шырылдап жүргені бекер емес... ...Дегенмен, анда-санда нағыз Қойшыбай мен Иванның елесі қазақтың ұлы даласынан да, орыстың нулы орманынан да байқалып қалады... ...Ресей Президенттігіне сайланғанын естіген Владимир ПУТИНнің қуаныштан қатты толқып кетіп, көзіне еріксіз жас алғаны – менің көз алдыма Иванды елестетті... Меніңше, сайлау бөлімшелерінің 90 пайызынан астамына камералар қойылып, он-лайн режимінде бақыланған орыс жұртының бұл сайлауы – өз елінде ғана емес, әлемдегі ең ашық, ең әділ сайлау болған сияқты. Иванның ұрпағы бұл жолы айды аспаннан шығарды... «Ондай-ондай байдың қызында да болады» демекші, жекелеген сайлау тәртібін бұзушылық – жер бетінде теңдесі жоқ жоғарғы техникалық дәрежеде өткізілген сайлаудың абыройына кір келтіре алмады... Қызыл коммунистер басшысының «жау кеткен соң сермеген қисық қылышы» көргенсіздіктің көрінісінен басқа ештеңе де емес. Мұндайды біздің ақылман жұртымыз: «Жеңілген – күреске тоймас» дейді... ...Владимр ПУТИНнің шаршаңқы келбетінен қаншама ұйқысыз түндерді өткізгені, мейлінше ашық та әділ сайлауда жеңіске жетер-жетпесіне ақырына дейін толық сенімінің болмағаны, қатты әбіржіп-толқығаны анық көрініп тұрды... Бір жағынан, бұл жігітке шынайы жаның ашыса; екінші жағынан, осы бір орта бойлы, сары жігіттің ерік-жігерінің мықтылығына тәнті боласың... Қазіргідей қатігез заманда жүрегінің түбіне мейірімнің тамшысын сары майдай сақтап, толқудан көзіне жас алған; «орысым, орысым» деуден жағы талмаған ұлтшыл жігіттің басқаның пешенесіне жазылғанына пендешілік қызғанышпен қарайсың... Атам қазақ: «Ормандай көп орыс» – деп, атаған жұрттың басшының табиғи, нағыз ұлтшылдық қасиеттерінің ұшқыны «Қойшыбайға да тиіп, шырт ұйқысынан оятса, шіркін!» – деп, армандайсың... Бұдан басқа не дейміз!!!   

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА