Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

Өскеменде автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген.

«Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, «аса қауіпті агрегатты абайсыз қолдану» нұсқасы тексерілуде», - деп түсіндірді ТЖ басқармасынан.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.