Бүгін елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру басталады
2020 ж. 01 қаңтар
1998
0

2020 жылдың 1 қаңтарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, халықтың 94,5% бұл сақтандырумен қамтылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарналар мен аударымдардың ставкаларын белгіледі: жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар - жалақының (немесе ең төменгі жалақының 10 есе мөлшерінің) 1% төлейді.
Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтарына келсек, 1,4 есе төменгі еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін - кірістің (немесе ең төменгі 10 жалақының) 1%, дербес төлеушілерден - ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.