Канадада қазақстандық студент көз жұмды- СІМ

Канаданың Сентенниал колледжінде білім алып жатқан қазақстандық студент жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

«Торонто қаласы полициясының ақпаратына сәйкес, 22 желтоқсан күні кешкісін Торонто қаласының Скарборо ауданында жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, жаяу жүргінші жолында кетіп бара жатқан үш студентті қағып кеткен. Екі студент қаза тапты, біреуінің жағдайы өте ауыр. Полиция ақпаратына сәйкес, қаза тапқан студенттің бірі Қазақстан азаматы, Сентанниал колледжінің білім алушысы. Оқыс оқиға бақылауға алынған. Консульдық қаза тапқан азаматтың туыстарымен және жергілікті полициямен байланысып отыр», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.