Бұл туралы 19 желтоқсанда Қырғызстан мен Қазақстан депутаттар тобының кездесуінде белгілі болды. Парламент мәжілісінің төраға орынбасары Владимир Божко жаңа жылдан бастап "Қордай" бекетін жөндеу жұмыстары басталады деді.
"Ақ жол" - "Қордай" бекеттерінен күніне 10 мыңға жуық адам өтеді. Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.
Қазақстанның ресми мәліметі бойынша екі ел ортасында 11 көлік өткізу бекеті бар. Олардың бесеуі көптарапты, алтауы екітарапты.
Қазір істеп жатқан өткізу бекеттерден жылына 11 млн адам, 465 мыңға жуық көлік өтеді.