Елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады
2019 ж. 20 желтоқсан
1931
0
Келер жылы елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сол арқылы тарихи Отанға оралғысы келгендер құжаттарын «бір терезе» қағидасы бойынша реттеуге мүмкіндік алады. Бұл жөнінде бүгін Отандастар қорының жылдық есебі талқыланған жиында айтылды. Мамандардың айтуынша, білім беру және мәдениет салаларында байланыс беки түседі. Жыл сайын қандастарға мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарында білім алу үшін 4%-тік квота бөлінеді. Жазғы лагерьлерде 300 өрен тегін тынығады және өзге де бүлдіршіндер ұлы дала жеріне саяхаттайды.
Мағауия Сарбасов, Отандастар қорының вице-президенті:
- Әртүрлі мәліметтер бойынша сыртта 5 миллионнан 8 миллионға дейін қандастарымыз тұрады. Нақты мәліметін шығару үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Заң жобасын әзірледік. Комиссия құрылған еді. Оның басты мақсаты – сыртта тұрып жатқан бауырларды қолдау.