АМАНГЕЛДІ АМАНГҮЛДЕН КЕШІРІМ СҰРАЙДЫ...

 

«Жас қазақ үні» газеті Бас директоры,

«Жұлдыздар құпиясы» журналының

Бас редакторы Қазыбек Иса мырзаға,

«Заң» газетінің бас редакторы

Бекжан Әшірбаев мырзаға.

                                                                                                Сіздердің басылымдарыңызда жарық көрген менің «Әртіс Амангүлдің айласы» («Жас қазақ үні» газеті №37-38 2011жыл,  («Жұлдыздар құпиясы» журналы, №10-11, 2011 жыл,), «Балама жетер күн бар ма?» («Заң» газеті, №152, 19.10. 2011 жыл) атты  мақалаларыма орай жолдап отырған төмендегі  кешірім хатын   өз газет-журналдарыңызда  жариялауыңызды сұраймын.                                                                                                                           «Жас қазақ үні» және «Заң» газеттерінде, «Жұлдыздар құпиясы»  журналында жарияланған мақала менің  жеті жыл ішіндегі жан-дүниемнің күйзелісі еді. Балаларыммен көп уақыт жүздесе алмағандықтан, жүректегі сағыныштан туындаған дүние болатын. Болған жайларға қатысты мақалада ашумен артық айтқан сөздерім мен  осы қателігім үшін Амангүлден, анасынан және туыстарынан,  баласынан ресми түрде кешірім сұраймын. Атап айтар болсам, баласын Атыраудағы ақыл-есі кемтарлар интернатына өткізіп, үкіметтен өзі баланың атынан зейнетақысын алып, тірідей жетім қылып, бір жақта баланы, екінші жақта әкесін қан жылататын безбүйрек екенін білмеппін.  Баламның денсаулық жағдайыда, ақыл-есі мен санасы да мұндай ақыл есі кемтарларға арналған интернатта жататын дәрежеде емес. «баласынын болашағына балта шапқан безбүйрек», Екіжүзді жанның адамгершілікке жат қылықтарын, көпшілікке белгісіз жүгенсіздіктерін ашып айтып, өтірікке тоқтау қойсам...», «Жібек жолы» тобыма қалай кіргенін де, ебін тауып, көңілім қаламаса да, қалай маған тиіп алғанын да...», «отағасына және басқа да туыстарға әдепсіз мінез көрсетуді, өтірікті шындай етіп сапыруды әдетке айналдырды.», «аталы сөздерден мақұрым шешесі екеуі ...бар жан-тәнімен мені арандатуға, қудалап, құртуға құлшына кіріскенін.», , «есінен айрылған адам құсап, ащы даусы құлақ жара шыңғырып, байбалам салды»,  «.мейірімсіз шешесінің тырнағынан...», «Ақыл-есінен адасқан Амангүлдің...», «адам төзгісіз әрекеттерді ойдан шығарып отырған безбүйрек анасының, айлакер әйелдің...», «балаларымның, менің осындай күйге түсіп, тоз-тоз болып кетуімізге жасыңыз сексенге келіп қалса да тоқтау айтудың орнына шоқ салып, араласып жүрген ақылға сыймайтын іс жасаған Сіздің де (Амангүлдің шешесі Бақтылы) үлесіңіз аз емес», «Бізді білетіндерге балалардың жағдайы өте тамаша, Қытайда оқытып керемет тәлім-тәрбие беріп жатырмын. Бұның бәрі кезекті өтірік екендігін білетінмін», «үлкен ұлым Аманқос кемпірдін қасында жүкші», «лауазымды заң қызметкерлерімен поезда аузынан арақ иісі анқып жүргені», «тексіздігіне көзім жетті», «мені ел-жұртқа балаларын іздемейтін тасжүрек,жаман әке етіп көрсету мақсатында әлі күнге дейін әртүрлі әрекеттер жасауда», «жалған дәлелдер келтірді»,   деген жолдардың, жалпы осы мақаланың ашумен жазылған, негізсіз екендігін мойындаймын.«Интернат қызметкерлерінен, судьядан,сонын ішінде интернат невропатолгі М.Ысқаққызы,мұғалім С.Шамбиловадан кешірім сұраймын .    Алдағы уақытта арамызда болған небір сүйкімсіз дүниелерді ұмытып,  енді мұндай жағдайлар мен жағынан қайталанбайтындығын, Амангүл жайында, балаларым жайында айтып баспасөз ақпарат құралдарына бармауға, Амангүлдің өміріне араласпауға уәде беремін.   Сондықтан Амангүлдің алдынан шын көңіліммен кешірім сұраймын! Болған қолайсыз, ренішті  ұят жайттарды қолға жұққан кірдей жуып-шаюға атсалысқан азамат пен азаматшаларға, ағайындарға алғысымды білдіремін.  

                                                                            Құрметпен, Амангелді СӘНДІБАЙҰЛЫ

 Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

Амангүлмен редакция  келісімге келіп, кешірім сұрайды.

Республикалық  "Жас қазақ үні" газеті  мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында белгілі әнші Амангүл Өтегенова туралы Амангелді Сәндібаевтың мақаласы жарияланған болатын. Онда бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы бала Амандостың  дауы сөз болған еді. Артынша  Амангүл Өтегенова да редакцияға хабарласып, Амангелді Сәндібаевтың  мақаласы шындыққа жанаспайтыны туралы «Баласын қару еткен әке» деген мақала жариялады. Редакция бұл қарымта мақаланы да жариялай отырып, Амангүл мен оның отбасынан кешірім сұрап, бұл іске нүкте қойған еді. Амангелдінің мақаласында редакция тілшісінің жауапсыздығынан түзелмеген нұсқа кетіп қалғаны үшін Амангүл мен анасынан, отбасынан кешірім сұраймыз. Аталмыш тілші қазір редакцияда істемейді... Амангүлдің мақаласына байланысты редакцияға көптеген хат-хабарлар түсіп, әсіресе, Атырау мен Ақтаудан, Астана мен Ақтөбеден хабарласқандар әңгіменің шындығына енді көз жеткізгендерін айтып жатқанын мәлімдейміз.  Таяуда Амангелді  Сәндібаевты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотына қылмыстық сотқа берген Амангүл Өтегенова редакцияны да сотқа тартқан еді. Бірақ редакция осы хабар мен жай-жапсардың анық-қанығын «Жұлдыздар құпиясы»журналы мен «Жас қазақ үні» газетінде  халыққа  жеткізіп жариялайтын болғандықтан,  келісімге келіп, Амангүл редакция үстінен берген шағым арызын  қайтарып алғанын хабарлаймыз. Редакция сонымен бұл тақырыпқа толық нүкте қоятынын мәлімдейміз.

                                                                                                                     Редакция