Гонконг жаңажылдық отшашудан бас тартты

Гонконг билігі полицияның ұсынысы бойынша 1 қаңтарға қараған түні жаңажылдық отшашу өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Оған елдегі наразылықтар қаупі себеп болды, деп хабарлады South China Morning Post.

Соңғы айларда Гонконгте ел ішіндегі наразылықтарға байланысты бірнеше қоғамдық шаралар, соның ішінде Clockenflap музыкалық фестивалі, велосипед, гольф және теннис бойынша халықаралық чемпионаттар өткізілмей қалды.

Дереккөз: 24.kz