Тәуелсіздік күні өтпей жаңа жылдық шырша орнатылып жатыр

Өскеменнің орталық алаңына жаңа жылдық шырша қойылып жатыр.

Ustinka.kz сайттың жазуынша, шырша 20 желтоқсанда дайын болады. Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері шыршаны құрып, безендірумен екі апта бойы айналысады.

Айта кетейік, қаланың тағы үш аумағында үлкен шырша орнатылады. Олар: Арбат, Комсомол аралы және 30-гвардиялық дивизия көшесімен параллель жатқан аллея. Бұл жасанды шыршалар 16 желтоқсанға дейін толықтай құрылады да, 20 желтоқсанға дейін безендіріледі.

Дереккөз: altaynews.kz