Ақжолдықтар шекара аймағында болды
2019 ж. 09 желтоқсан
2266
0

Демалыс күндері "Ақ жол" партиясының басшылары, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дүйсембинов және бір топ партия өкілдері Сарыағаштағы бірқатар шекара бекеттерінде болып, олардың жұмысымен танысты.
Ақжолдықтардың Қазақстан-Өзбекстан шекара аймағына келуіне кәсіпкерлердің жазған шағымдары себеп болды. Шекаралық бекеттің Қазақстан жағында көрші елге өту көп уақыт алады. Ұзын-сонар кезек. Тәулігіне 5 мың адам өткізуге арналған бекетте 40 мыңға дейін адам өтетін болған.
Аталған мәселені шешудің жолы - материалдық-техникалық базасын жаңғырту, бақылау пункттерінің санын көбейту екені айтылды. Депутат өз кезегінде бұл мәселені тиісті органдарға жеткізетінін айтты.
qazaquni.kz