Қаржыгерлер қанша жалақы алады?
2019 ж. 07 желтоқсан
2119
0
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов журналистер алдында АХҚО қызметкерлерінің еңбекақысы туралы айтып берді.
Оның нақты болмаса да жорамалдап айтуынша, АХҚО қызметкерлерінің жалақысы «Бәйтерек» холдингі деңгейінде белгіленген көрінеді. «Менің ойымша, «Бәйтеректе» басқарушы персонал орташа есеппен 5 мың доллар шамасында алады», – деп нақтылаған болды Қ.Келімбетов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап беру барысында. Сонымен қатар ол АХҚО қызметкерлері бонустар алмайтынын айтты. Еліміздегі қай салада болмасын онда еңбек етіп жатқан адамдарымыздың жоғары жалақы алғанына ешкім қарсы емес, Құдай іштарлықтан сақтасын. Бірақ біздің басшылар қызметкерлерінің жалақысын жариялауға келгенде «аналармен бірдей, мыналармен бірдей» деп жұмбақтауды қашан қояды екен. Келімбетов «Бәйтеректегі» адамдардың айлығын өзі барып тексеріп көріп пе? Ашық, нақты айтса, олардың айлығын біреу барып тартып алайын деп жатқан жоқ қой. Әлде көз тиіп кетеді деп қорқа ма?..
qazaquni.kz