ЖАТ ТЕКТІЛЕРДІ ЖАППАЙ ҚЫСҚАРТУ

 

"ОВ-ОВА" жалғауы бар ОРЫСША төлқұжатпен қалай ҚАЗАҚ болуға болады?!.

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдай уақыт,н "ОВ", "ОВА", "ОВИЧ", "ОВНА", "ИН", ИНА" секілді орыс отарлауынан қалған ҚҰЛДЫҚ ЖАЛҒАУЫНАН ҚҰТЫЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАНДАР тағы да қысқартылды. Менің Фейсбуктағы 5 мың досымның (жазылушылар емес) ішінде әлі де бар екен бұлар! Тура 101-ін қысқарттым тағы да... Бәрі басшылыққа байланысты. Президент те, екі спикер де, Үкімет басшысы мен мүшелері де, депутаттар мен әкімдердің де басым бөлігі -99,9 пайызы ОРЫС тектілер. Үкіметтің 21 мүшесінің ішінде бір-ақ адам -Сыртқы істер министрі Мұқтар Тілеуберді Бескенұлы ғана ҚАЗАҚ текті екен! Қалған 20-сы Үкімет басшылары АсКар МамИН УзаКпаЕВИЧ, Бердібек СапарбаЕВ МашбекОВИЧтерден бастап бәрі ОРЫС текті. Яғни, Ресейдің Үкімет мүшелерінің фамилияларымен бірдей! Масқара емес пе?! Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдай уақыт болды ғой! Сонымен қатар әйгілі ұлтшыл, қаламгер, қайраткер, саясаткер, жалпы зиялы тұлғалардың, әсіресе ағаларымыздың әлі орыс фамилиясымен жүргені ұғымға сыймайтын парадокс! "ОВ-ОВА" жалғауы бар ОРЫСША төлқұжатпен қалай ҚАЗАҚ болуға болады?!. Қазыбек ИСА Фейсбук парақшасы