ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ АҚЫН КІМ?

3
5146

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ АҚЫН КІМ?

Атам заманнан ақындардың басын ауыртқан бұл сұрақтың жауабын мен бүгін таптым… Әлемдегі ең күшті ақын Мен екенмін!

Өйткені, менің жүргізушімнің өзі – Әлемдегі ең мықты ақын, ең көп тілдерге -124 елдің тіліне аударылған, ең көп оқылатын Мұхтар Шаханов!

Мұқаң тек өлеңде ғана емес, өмірде де ержүрек, мықты ақын! Кеңес одағы кезінде делегациямен Испанияға барғанда Барселона стадионында әйгілі бұқалармен сайыс кезінде, жүргізуші «көрермендерден кім шыға алады?»-дегенде 100 мың адамдық стадионда ешкім жүрегі дауалап, шыға қоймағасын қазақ ақыны Мұқтар Шаханның стадион алаңына секіріп түсіп, көзіне көрінгенді таптап өтетін тажал бұқаның алдында талтайып тұра қалғаны бар! Бұған Мұқаңның қарсыластары қанша жерден сенгісі келмей, өсек өрбітсе де, өкініштеріне орай бұл оқиғаның сол кезде түсірілген суреті бар! Ол туралы кезінде менің Мұқаңа арнаған өлеңімде де айтылады:

Ұлт мүддесі жолында сап әдемі із,
Ұлтшылдардың көсемінің ұлтыменен жаны егіз.
Барселона стадионында бұқадан да бұқпап ең,-
Өз еліңде мүйіздемек санасы жоқ сан өгіз…-

деген осы жыр шумағын Мұқаң соңғы шыққан кітаптарының бірінде бұқамен тіресіп тұрған суретін жариялап, астына жазып қойыпты.

Сөйтіп, Астанадағы дәрежем бірден шарықтап шыға келді! Өйткені, елордадағы жүргізушім әйгілі сатира сардары Көпен Әмірбек көкем еді! Енді Алматыдағы жүргізушім – поэзия падишасы, мұзбалақ ақын Мұқтар Шахан!

Қос астанадағы жүргізушілерім – қазақтың қос тарланы, Қазыбек сенде арман жоқ!

Алаштың ардақтылары аман болсын!

Жиырма жаста рөлге отырған Мұқаң қазір жасы жетпіс жетіден асса да, жеңіл, жақсы жүргізеді джип көлігін…

Руханияттың көшбасшылық жолында да, көлік жолында да, Өмірде Ақ жол тілейміз Мұқтар аға Сізге!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Иә қос ақынымызда әлемге әйгілі тұлғалар ғой ! Шофері ақиық ақын Мұхтар Шаханов болған соң Қазыбекте осал емес ! Қос ақынымыз тек қана сәттілік тілеймін сіздерге!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз