Тіршілік нәрінің тазалығы сараланды
2019 ж. 30 қараша
4020
0
Күн, су, ауа, жер – тіршілк төрттағаны екені ежелден белгілі. Ауа, су, жердің ластануына байланысты адам өміріне қауіп-қатер туындайтынын біле тұра соны адамзат өз қолымен жасап жатқаны да жасырын емес. Бұл қазір әлемдік мәселеге айналып отыр.
Еліміздегі су шаруашылығына қатысты түйткілдер жетіп артылады. Өндіріс қалдықтарымен өзен-көлдерімізді улау жиі орын алады. Онымен күрес айтарлықтай нәтиже беріп жатқан жоқ. Осыған байланысты сенатор Қайрат Қожамжаров өз пікірін білдіріп, еліміздегі ең таза өзендерді атады.
«Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, 139 су нысанының ішінен «нормативті тұрғыда таза» санатқа 3 өзенге – Атырау облысындағы Жайық, Қиғаш, Түркістан облысындағы Бөген өзені және Каспий теңізі енгізілді», – деді сенатор су қауіпсіздігі мәселесі талқыланған Парламент Сенатының отырысында. Оның айтуынша, 102 су нысаны (68 өзен, 17 көл, 14 су қоймасы мен 3 арық) «бірқалыпты деңгейде ластанған» санатқа кіргізілген. «Жоғары деңгейде ластанған» санатта 16 өзен мен 14 көл бар. «Аса ластанған» санаттағы 3 өзен ретінде СҚО-дағы «Красноярка» өзені мен Ақмола облысындағы «Қылшықты», «Шағалалы» өзендері мен «Майбалық» көлі аталып отыр. «Судың ластануына барлық жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары, шахта мен кен орындарынан шығарылған қалдықтар себеп болып отыр», – деді ол.
qazaquni.kz