Біздің науқастарға тиесілі дәрілер Ресейде сатылып жатыр
2019 ж. 18 қараша
2005
0
Біздің еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін берілетін дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған. Бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Людмила Бюрабекованың айтуынша, «Ресейде қазақстандық мөрмен дәрі-дәрмектер сатылып жатыр» деп науқастар хабарлапты. «СК-Фармация» сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғаны анықталса, іс бірден Бас прокуратураға жолданады. Дәрі-дәрмектер терінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға арналған. Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмайды. Өйткені, медикаменттер тек 11 стационарға жеткізілген. Мұндай жағдай елімізде алғаш емес. Жылдың басында қазақстандықтарға арналған инсулин Өзбекстан дәріханаларында сатылған. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізгендердің табылып, 28 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан-ды.
qazaquni.kz
