Сол жағалау енді сусыз қалды: "Астана су арнасы" жауап берді
2019 ж. 18 қараша
2218
0
Тұран-Сығанақ көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. «Астана Су арнасы» мекемесінің мәліметінше, елордадағы кей үйлерде судың тоқтап қалуына осы жағдай себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құбыр бүгін сағат 05.40 шамасында жарылды. Апаттық бригада оқиға орнына сағат 06.15-те жетті. Нақтырақ айтқанда, құбыр желісінің дәнекерленген бөлігі ажырап кеткен. Сағат 10.30-да су бөгелді. Қазіргі уақытта су жүйесін тезірек қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады «Астана Су арнасы» мекемесі.
Ведомствоның хабарлауынша, жұмысты толығымен сағат 20.00-де аяқтау жоспарланған. Бүгін үйді-үйге арнайы көлік жіберіліп, ауыз су таратылған. Атап айтқанда, ауыз су таратушы көліктер Е-10 көшесін, Зелёный квартал ТК-да, Е-30, Е-16, Омаров көшелерінде болған.
«Су тасып жүрген көліктерді көп адам көрмей қалуы мүмкін. Себебі, водовоздар суды толтырып алу үшін ары-бері жиі қатынайды. Ауыз су толтырып алатын станция Тілендиев пен Күйші Дина көшелерінің қиылысында орналасқан», – делінген «Астана Су арнасы» таратқан хабарламада.