Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті
2019 ж. 12 қараша
1546
0
Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Тараптар БҰҰ-ның даму жағдайын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Барлық салалар бойынша, атап айтқанда, экономикалық бағыттағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігі сөз болды.
Словениялық саясаткер 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының Министрлер конференциясы табысты болатынына сенім білдіріп, Қазақстанның көпжақты байланыстарда, оның ішінде, сауда және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді рөл атқаратынын жеткізді.