Азаматтардың арыз-шағымы қаралды
2019 ж. 09 қараша
2004
0
Елордада ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдау бөлімі кезекті рет азаматтардың арыз-шағымдарын қарады.
Қабылдауды ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева және арнайы жұмыс тобы жүргізді. Әкімшіліктің хабарлауынша республиканың барлық өңірінен 102 адам қабылданды. Олар түрлі салаға қатысты түйткілді мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Атап айтсақ, құқық қорғау және сот қызметі (55), жергілікті атқару органдары (27), Денсаулық сақтау министрлігі (7), Ұлттық банк (6), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (6), Әділет министрлігі (5), Еңбек (5), БҒМ (4), Ауыл шаруашылығы (1) министрліктерінің құзіретіндегі мәселелерді көтерген. Әсіресе, бұл қабылдауда жеке сот істері көп қозғалды. Қабылдауда болғандардың басым бөлігі тұрғын үй, медицина саласына және жергілікті сот органдары жұмысына көңілдері толмайтынын білдірген.
qazaquni.kz