Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

Алматыда қазақтың біртуар ұлы, атақты композиторы Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші салтанатты жағдайда ашылды. Ескерткіш халықтың көп жиналатын орыны Республика сарайының солтүстік жағына қойылды. Ашылу рәсіміне белгілі өнер адамдары мен көптеген қала тұрғындары қатысты. «Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың махаббатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол өзінің әдемі әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ, бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң Халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген, «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. qazaquni.kz