Қаржы маңызды мәселелерді шешуге жұмсалсын
2019 ж. 09 қараша
1616
0
Мәжілістің кезекті жалпы отырысында мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланды.
Депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жергілікті бюджеттер 400 млрд. теңгеге көбейтілетіндігін айтты. Осы заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Нұрлан Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді. «Шын мәнінде, осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет», – деді Мәжіліс төрағасы. Нығматулин қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуға тиіс. Талқылау соңында Мәжіліс Төрағасы айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.
qazaquni.kz