ІІМ: "Охотзоопром" қызметкерлерінің браконьерлікке қатысы бар
2019 ж. 05 қараша
2087
0
Полицейлер браконьерлер тобының қорықтағы 154 бас ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс осы жылдың наурызында тіркелген болатын. "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" РМҚК директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде атып өлтірілген және мүйіздері кесілген 154 ақбөкеннің өлексесі табылған. Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады.
Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша кінә тағылды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.