Тоқаев мас күйде көлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды
2019 ж. 28 қазан
2527
5

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйде көлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.