Абаев Президент жарлығы туралы: Қандай қысым болуы мүмкін?
2019 ж. 25 қазан
2258
0
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейбір тағайындауларды Қаупсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісуді қарастыратын жарлығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ашығын айтсам, бұл мәселе жойылды деп ойладым. Нәтижесіз әңгіменің мәні жоқ. Өзіміздің сайлаған Президентіміз бар, оған халықтың 70 пайызы дауыс берді, бұл 6,5 миллион адамнан көп. Негізінде құзыры кең, оған еліміздің Конституциясы кепіл. Азаматтардың үлкен сенім мандаты бар, Елбасының қолдауы бар. Қандай қысым болуы мүмкін? Келісу - тағайындау емес, Мемлекет басшысы тағайындайды. Сондықтан жоқ жерден мәселе көтерудің қажеті жоқ", - деді Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.
Мұның алдында Президенттің баспасөз қызметшісі Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығын түсіндірген еді. Енгізілген өзгерістерге қарағанда, енді кейбір тағайындаулар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісілуі тиіс.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы енді Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарларын, Қауіпсіздік Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерін және олардың орынбасарларын тағайындайды.
Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесімен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметіне - ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы басшысын, қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшыларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысын тағайындауды келісу керек. Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойына басқару құқығын алған еді.