Экс-премьер-министр Ахметов жазасын шартты түрге ауыстыруды сұрады
2019 ж. 24 қазан
1949
0
Мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жемқорлық жасады деген айыппен 10 жылға сотталып, бір жарым жылдан кейін түрмеден бостандығы шектеліп босап шыққан Серік Ахметов сотқа өтініш білдірді. Бұрынғы премьер-министр сот алқасынан енді қалған екі жыл жаза мерзімінен шартты түрде босатуын сұрайды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Серік Ахметовтың арызы Қарағанды сотында бүгін қаралуы тиіс болған. Бірақ өтініш мемлекеттік айыптаушыларға беріліп, сот процесі қазанның 25-не шегерілді.
Серік Ахметов бостандығы шектеулі болып жүрген кезінде жұрт көзіне түсе бермей, пробациялық бақылаудан уақтылы өтіп тұрған екен. Әрі мемлекетке келген шығынды толық өтедім, депті Ахметов.
Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов 2014-ші жылдың қарашасында қамауға алынып, 2015-тің желтоқсанында бөтеннің мүлкін талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген баптар бойынша бас бостандығынан айырылған болатын.