Фермерлер одағының экс-төрағасы 19 жылға сотталды
2019 ж. 17 қазан
1829
0
Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы төрағасы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Ол биыл ақпан айында зорлау және жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасау дерегі бойынша күдікке алынған еді. «Басқа да әрекеттер» дегенде – кәмелетке толмаған балаларды зорлаған деген ақпарат бар.
Ауыр 4 бірдей бап бойынша тергеуде болған одақтың бұрынғы басшысына елорда соты 19 жыл жаза кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі күшейтілген түрмеде өтемек.
Сонымен бірге оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды.
67 жастағы Әуезхан Дарынов Ақмола облысының тумасы. Әйелі, бала-шағасы, немерелері бар.