«Ақ жол» мемлекеттік сатып алу жүйесінің мобильді нұсқасын енгізуді ұсынды
2019 ж. 16 қазан
3766
0
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің мобильді нұсқасы - шағын және орта бизнестің шығындарын азайтып, сатып алу тәртібін ашық қылады – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Екатерина Никитинская мәлімдеді.
«Бүгінде мемлекеттік сатып алулардың электронды форматы көптеген мемлекеттер үшін жемқорлыққа қарсы күрестің тәсіліне айналып отыр. Сандық жүйе сатып алу жүйесіне толығымен кірді. Әрі бұл мемлекет басшысы Тоқаевтың цифрлы экономикалық Қазақстанның дамуына, аймақтардағы ақпараттық коммуникация инфрақұрылымы деңгейінің өсуіне арналған тапсырмаларына сай келеді», - деді депутат өзінің Қаржы министрлігіне жолдаған сауалында.
Өткен жылдың аяғында қабылданған мемлекеттік сатып алулар жөніндегі Заңға сәйкес сатып алудың төменгі шекті бағасы 100-500 айлық есептік көрсеткішке тең екенін ескерсек, бұл болашақта интернет-дүкен саудасына да жол ашады.
Мемлекеттік сатып алу порталының мобильді нұсқасы офиске байланбаған бизнесмендерге, оның ішінде шағын бизнес өкілдеріне, процеске онлайн режімде қатысуға мүмкіндік береді.
Никитинскаяның сөзінше, Ресей Федерациясы мемлекеттік сатып алу қатысушылары үшін мобильді қосымша ашқан. Ол биылғы көктемнен бері пилоттық режімде жұмыс істеп келеді. Қосымша қолданушылары мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат іздеп, мониторинг жүргізіп, тендерге жазылып, құжаттарды жүктей алады. Сондай-ақ, олар таңдалған процедуралар бойынша кез-келген жаңалық-өзгерістер жайлы бірден хабардар болып, әлемнің кез келген жерінен, кез келген уақытта жылдам әрекет ете алады.
Осыған байланысты, ақжолдық депутат таяу уақытта Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасын енгізуді сұрайды.