Агенттік Бағдат Манзоровқа қандай айып тағылғанын айтты
2019 ж. 03 қазан
2680
0
Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Манзоровқа қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтып берді.
«Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Б. Манзоровқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы «Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық» айыбы тағылып отыр. Тергеуші күдіктіні үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпас шарасын қолдану туралы прокуратураға өтінім берді. Қалған ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарына сәйкес тартылмайды», - деді Олжас Бектенов.
Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.