ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
2019 ж. 27 қыркүйек
1749
0
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін аталған лауазымды атқарған С. Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.
2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен.