ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2019 жылғы мамырдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.