Роман Скляр вице-премьер қызметіне тағайындалды

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Роман Склярдың кандидатурасы келісілді.