ІІМ Шамалғандағы жол апатына қатысты түсініктеме берді (видео)

Алматы облысындағы жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі қаза болып, 3 жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлады baq.kz.

2019 жылғы 15 қыркүйекте сағат 19:08-де «Алматы-Шамалған» жолының реттелетін темір жол өткелінде бағдаршамның тыйым салуына қарамай темір жолға шығып кеткен №456 «Алматы - Шамалған» бағытында жүретін мемлекеттік нөмірі 757 AR 05 «Сетра» маркалы автобус пен №43 «Алматы-Қостанай» жолаушылар поезды cоқтығысты.

«Поезд машинисті тарапынан шұғыл тоқтау шаралары қабылданғанымен, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Қақтығыс салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, ал автобустың үш жолаушысы Қарасай ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Көліктегі полиция департаментінің және Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда. Олар тиісті тергеу шараларын қабылдауда.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Орын алған жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді», - делінген ведомсто хабарламасында.