Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
2019 ж. 03 қыркүйек
1012
7
Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың құзыретіне кіретін негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындап берді.
Сондай-ақ, Президент жаңа уәкілге құқық қорғау қызметі бойынша Парламентпен және Үкіметпен, сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.