ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры тағайындалды
2019 ж. 27 тамыз
1859
0

Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.