Құрбан айтқа қосымша демалыс күні берілмейді
2019 ж. 09 тамыз
2777
0
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді.
Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды.