Мемлекет басшысы академик Төрегелді Шармановты қабылдады
2019 ж. 08 тамыз
2800
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановты қабылдады, - деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту және ұлттық тағам түрлерін насихаттау, қоғам мен билік арасындағы диалог, сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, академик Төрегелді Шарманов қоғамды ұйыту, елдің бірлігін арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өз ойларымен бөлісті.