Қарағанды облысында дала өрті 45 гектар жерді шарпыды
2019 ж. 05 тамыз
2539
0
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты аумақтағы құрғақ шөп тұтанып, 45 гектар жерді қызыл жалын шарпыды. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға болған жер арнайы техникалардың өтуіне қолайсыз. Соған қарамастан 25 маман өртті тоқтатты.
Қазір аймақта дала өрті өршіп тұр. Осыған байланысты құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауға мәжбүр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысында 241 өрт жағдайы тіркеліп, 7 мың гектардан аса аумақ жанып кетті.
«Мұндай оқиғалар көбіне адамдардың салғырттығынан болады», - дейді мамандар.