Депутат солтүстіктегі жұртшылықпен жүздесті
2019 ж. 03 тамыз
2974
0
Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының мүшесі Кеңес Абсатиров Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті. Жұмыс сапары барысында депутат облыстағы 2 ауданға барып, 7 кездесу өткізді: Есіл орталық аудандық ауруханасы, «Азия Торанғұл» машино-тракторлық шеберханасы, Торанғұл орта мектебі және т.б.
Абсатиров азаматтарды Қазақстанның солтүстігіне көшіру бойынша меслекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына, оларды жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдауға байланысты сұрақтар қойды. Мектеп ұстаздарымен депутат мұғалім жалақысы, елдегі білім беру жүйесінің өзгерістері бойынша әңгімелесті.
Кеңес Абсатиров сайлаушыларға «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының жұмысы, Мәжілістің заң шығарушылық қызметі туралы айтып, әңгімелесушілердің сұрақтарына жауап берді.
«Ақ жол» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы
qazaquni.kz