Пойыз билетін алып сатушылар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
2019 ж. 01 тамыз
3747
0
Пойыз билеттерін алыпсататындарға тосқауыл болмай тұр. Бұл туралы транспорттық бас прокурордың міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов мәлімдеді. Оның сөзінше, арам пиғылдылар билет сатып алу процессін бақылайтын арнайы компьютерлік бағдарламадан да айлаларын асырып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, жақында іске қосылған бақылау жүйесі бұл келеңсіздікті жоя алмады. Еламановтың айтуынша, мәселе қайта қаралмақ. Құзырлы органдармен бірігіп, сұрақты шешеміз деді ол.
Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының басшылары, темір жол билеттерін алыпсатарларға деген жазаны әкімшіліктен, қылмыстық жазаға ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын.