БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛАРДЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
2019 ж. 01 тамыз
2260
0

"Қажы болу – оңай ғибадат емес. Бұдан да маңызды мәселе – қажы болып өмір сүру. Қажы деген сөздің тағы бір мағынасы ешқашан жамандықтарға жоламау дегенді білдіреді. Қажылық жасау рәсімдері санаулы күндерде аяқталады. Ал «қажы» атанып қалу – өмір бойы жалғасады. Бұл жол түрлі сынақтарға толы болмақ. Қажы болу – қажылық сапарынан соң тап-таза парақты еш кірлетпеуге тырысу, ғибадатта қайратты болу, үлгілі мұсылман болу, жасаған тәубені қайта бұзбау, уәдеге адал болып, сөздің үдесінен шығу деген сөз...",- деді.
Сонымен қатар ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз:
"Мұсылман баласының бәрінен бұрын ниеті маңызды. Қажылық жасаушы әуелі ниетін түзеуі тиіс. Құлшылыққа дүниелік мақсат пен пенделік ойдың араласып кетпеуіне аса мән беру қажет",- дей келе ұлы сапар кезінде басты мән берер жайттарға тоқталды.